Олимпиада қарсаңында президенттер бас қосты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қысқы ойындардың ашылу салтанатына қатысу үшін Сочиге барды. Президент еліміздің спортшыларымен кездесіп, оларға байрақты бәсекеде сәттілік тіледі.
Жалпы Ақ Олипиадаға Қазақстан Ұлттық құрамасы 58 жолдама ұтты. Оның 14-і шаңғымен жүгіруден, 10-ы биатлонда бақ сынайды. Ал, конькимен жүгіру, шорт - трек және фристайл мен шана спортында 6 жолдама бар. Тау шаңғысы жарысында 4 спортшымыз ел намысын қорғайды.
Ал бұған дейін Халықаралық Олимпиада Комитетінің президенті Томас Бах әлем елдері лидерлері мен атлеттер үшін кеш ұйымдастырды. Онда Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйлеп, Сочи Олимпиадасын ұмытылмас мереке қылдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын айтты.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11