Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
«Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы басқармасының шешімімен Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарған болатын. ҚТЖ-ның жаңа төрағасын таныстырған Премьер-министр Олжас Бектенов компанияның алдағы жұмысына қатысты бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, теміржол арқылы жүк тасымалын көбейту, елдің транзиттік мүмкіндігін кеңейту және теміржол желілерін дамытуды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Еске салсақ, биыл «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мойынты – Қызылжар» теміржол желілерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Ал «Бақты – Аягөз» бағыты келесі жылы пайдалануға берілуі тиіс.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04
Жаңа стадион, автовокзал мен теміржол вокзалы салынып жатыр
24.11.2026, 20:04