Главная Новости ОСК өңірлердегі сайлауға дайындықты тексерді

ОСК өңірлердегі сайлауға дайындықты тексерді

Мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық пысықталды. Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық 20 өңірін тексерді. Соңғы екі аптада комиссия мүшелері 100-ден астам сайлау учаскесін аралап, ұйымдастыру жұмыстарын көрді. Сонымен қатар, 3 мың 382 комиссия мүшесіне арналған 21 оқыту семинары ұйымдастырылды. Ол жерде комиссия мүшелерін  дауыс беру тәртібіне, сайлау заңнамасын сақтауға және учаскелердің техникалық дайындық барысын қадағалауға үйретті. Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің жұмысына жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Поделиться