Главная Новости TikTok желісінде балағат сөйлеген тұрғын қамалды

TikTok желісінде балағат сөйлеген тұрғын қамалды

Таразда TikTok желісінде балағат сөздер айтқан ер адам 30 тәулікке қамалды. 42 жастағы қала тұрғыны қоғамдық орында отырып, тікелей эфирге шыққан. Сөйтіп, эфир барысында көрермендерге балағат сөздер айтқан. Ол бұған дейін де адамдарға тіл тигізгені үшін 20 айлықтық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалаған. Енді сол әрекетін екінші рет қайталағаны үшін сот қаулысымен қамауға алынып отыр. Полиция әлеуметтік желілерде де қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтауды ескертеді.

Поделиться