Главная Новости Қазақстан халықаралық велосипедшілер одағымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты

Қазақстан халықаралық велосипедшілер одағымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты

Қазақстан велоспортты дамыту бағытында халықаралық ынтымақтастықты нығайтпақ. Премьер-министр Олжас Бектенов Халықаралық велосипедшілер одағының президенті Давид Лаппартьенмен кездесіп, спортшыларды даярлау және әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Ю-Си-Ай басшысы Қазақстанды Азиядағы велоспорт көшбасшыларының бірі деп атады. Оның айтуынша, елімізде халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген талантты спортшылар көп. Сондай-ақ ол Astana Экс-Ди-Эс командасының әлемдік велоспорттағы жетістіктерін атап өтті. Кездесуді қорытындылай келе, тараптар велоспортты дамыту және оны халықаралық деңгейде насихаттау бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Поделиться