Главная Новости Президент жарлығымен ұлттық комиссияның құрамы жаңарды

Президент жарлығымен ұлттық комиссияның құрамы жаңарды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын жаңартылды. Комиссия төрайымы болып «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай тағайындалды. Жаңартылған комиссия құрамына 30 адам енді. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, журналистер, ғалымдар, дәрігерлер, психологтар, құқықтық және стратегиялық коммуникациялар саласындағы сарапшылар бар.

Поделиться