«Менің алғашқы кітабым» байқауы қорытындыланды
Бүгін Астанада «Менің алғашқы кітабым» байқауының қорытындысы жарияланды. «Кітап оқитын ұлт» жобасының аясында ұйымдастырылған әдеби сайысқа 7 мен 15 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Олар ертегі, әңгіме, өлең, повесть және фантастика бағытында шығарма жазып, өзара бақ сынасты. Ал білікті баспагерлер мен әдебиет саласының мамандары 70-тен астам туындыны талдап, үздіктерді анықтады.
Әмина Нұрғали, «Қиял қанатындағы қалам» номинациясының иегері:
Мен өте қуаныштымын, кітабымды өзімнің қиялымнан жаздым. Оның ішінде ертегілерім, әңгімелерім, өлеңдерім және жұмбақтарым бар.
Шолпан Сыздықова, «Менің алғашқы кітабым» жобасының авторы:
Байқауға қатысушылардың жазған алғашқы туындыларын қағазға шығарып, көпшілік назарына ұсындық. Өйткені оқушылар шығарма жазарда көп тер төкті. Кітапты дайындауға 2-3 ай уақыт жұмсады. Жеңімпаздарды екі топқа бөліп анықтадық. Бірінші орын иегеріне 300 мың теңге сыйақы берілді. Айтпақшы, мұнымен іс бітпейді. Біз енді жас авторлар ұлттық клубын құруды жоспарлап отырмыз.
Читайте также
Все