Главная Новости Астанада Тәуелсіздік мерекесіне орай 100-ден астам іс-шара өтеді

Астанада Тәуелсіздік мерекесіне орай 100-ден астам іс-шара өтеді

Астанада Тәуелсіздік мерекесіне орай 100-ден астам іс-шара өтпек. Қалалық әкімдіктің тұрғындарға дайындаған тартуы көп. Елорданың театрлары, музейлері мен концерт алаңдары қала тұрғындары мен қонақтарына арнап мерекелік бағдарлама әзірледі. Одан бөлек ұлт қаһармандарына, мәдениет қайраткерлері мен қазақ өнерінің көрнекті туындыларына арналған қойылымдар ұсынылады. Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында балалар мен жастарға да айрықша назар аударылмақ. Сурет байқаулары, пікірсайыстар, робототехника жарыстары ұйымдастырылады.  Негізгі мерекелік бағдарламалар желтоқсанның 3 мен 20-сы аралығына жоспарланыпты. Сондай-ақ қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін 11 жаңа модульдік және учаскелік полиция пункті ашылады.

Поделиться