Главная Новости Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай депутаттар үндеу жариялады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай депутаттар үндеу жариялады

Құрылтай депутаттары Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай барлық фракция атынан үндеу жариялады. Үндеуді депутат Дихан Қамзабекұлы оқыды. Депутаттар ел бірлігін нығайтып, әділеттілік пен заң үстемдігін басты қағида ретінде ұстануға шақырды. Сондай-ақ «Халықтық құрылыс» жобасын қолдап, ел аумағында әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды бірлесе салуға үндеді. Депутаттар бүгінде әділеттілік, заң мен тәртіп барлық салада мызғымас қағидаға айналғанын атап өтті.

Дихан Қамзабекұлы, ҚР Құрылтайының депутаты:

Дәл бүгін жұдырықтай жұмылып, ұлт болып ұйысып, Президентіміз жариялаған «Құрылыс және тағы да құрылыс!» халықтық бастаманы нақты іспен қолдауымыз керек. Тіпті бұл - әрбіріміз үшін абыройлы міндет! Мұны 35 жылдық белес аясында басталған тегеурінді, ауқымды жоба деп айта аламыз. Халық игілігіне арналған жүздеген әлеуметтік, ал ауыл-аймақтарда мыңдаған инфрақұрылымдық нысандар салынып, баршаның пайдалануына беріледі. Әділеттіктің жалпыұлттық құрылысы – осы күнге өнеге, келешекке мақтаныш болады деп сенеміз.

Поделиться