Қостанайда үгіт-насихат жұмыстары қорытындыланды
«Respublica» партиясы мәслихат депутаттары сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмысын аяқтады. Бүгін өңірлік филиалдарда осы науқанды қорытындылауға арналған онлайн жиын өтті. Үгіт – насихат жүргізу кезінде партия мүшелері еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және жалпы көпшілікпен кездесулер өткізді. Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, аймақтағы өзекті мәселелерді талқылауға және азаматтармен тікелей диалог орнатуға ерекше көңіл бөлді.
Манара Мадинина, «Respublica» партиясы облыстық филиалының төрайымы:
Халықпен жұмыс сайлаумен аяқталмайды. Науқан барысында көтерілген мәселелер мен айтылған ұсыныстар алдағы жұмысымызда ескерілетін болады.
Партияның Павлодар облыстық филиалы 40 тан аса іс-шара өткізіп, 3 мың адамды қамтыған. Партия мүшелері ірі кәсіпорындар мен ұжымдарда болды. Шалғай елді мекен тұрғындарымен кездесті. «Біз негізінен мәселелерді азаматтармен тікелей кездесу арқылы талқылауға басымдық береміз»,- дейді партия өкілдері. Жиын соңында белсенділерге алғыс хаттар табысталды.
Читайте также
Все