Главная Новости Respublica партиясы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

Respublica партиясы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

Respublica партиясы мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады. Науқан 2–27 қараша аралығында еліміздің 20 өңірін қамтыды. Осы уақыт ішінде кандидаттар мен өңірлік командалар 240 тан аса ақпараттық іс-шара өткізіп, жарты млнға жуық адаммен жүздескен. Олардың қатарында түрлі  еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер, жастар және жергілікті тұрғындар бар. Жалпы саяси ұйым атынан 326 үміткер тіркелген. Оның 129-ы партиялық тізіммен, 197-сі бірмандаттық округтер бойынша ұсынылған.

Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясының төрағасы:

Партияның жұмысы орталықта емес, өңірлерде қалыптасады. Себебі біздің сайлаушылармен, азаматтармен жұмыс істейтін сол филиалдар мен мәслихат депутаттары. Өңірде жүрген азаматтар. Сондықтанда біз үшін осы өңәрдегі азаматтардың белсенділігі тәжірибесі өте маңызды.

Поделиться