Халық Кеңесі мүшелері Қызылорда облысы халқымен кездесті
Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» республикалық жобасын бастады. Оның аясында арнайы мобильді топ құрылып, олар ел тұрғындарымен кездесулер өткізіп жатыр.
Кеңес өкілдері бұл жолы Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарына барып, тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қазалы ауданындағы кездесулерге 130 адам келді. Көбіне тұрғын үй кезегіне қатысты мәселелер, жер учаскелерін алу және қайтару тәртібі, ауыл шаруашылығын қолдау, кәсіпкерлік жобаларды қаржыландыру секілді мәселелер көтерілді.
Геннадий Шиповских, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі:
Заңнамалық, қаржылық, кәсіпкерлік консультациялар тегіннен тегін беріліп жатыр. Көптеген азаматтар біздің қасымызға келіп, қолымызды алып рахмет айтып жатыр. Кезінде мұндай мүмкіншілікті көрген жоқпыз, Қызылордаға, Астанаға ат шаптырып баратын едік деп. Ал бүгінгі азаматтардың бүгінгі бізге келуі керемет деп. Сондықтан бұл бір реттік акция емес.
Читайте также
Все