Қардан жасалған қару
Қардан жасалған қаһарлы қару. Қостанай облысындағы Затобол кентінің тұрғыны СУ-122/44 жылжымалы зеңбірегінің мүсінін қардан қашап жатыр. Ұзындығы - 6, ені - 3, биіктігі - 2 метрден асатын зеңбіректі жасауға 20 текше метрге жуық қар пайдаланылған.
Руслан Мухаматяров достарымен бірлесіп өткен жылы Т-34 танкісінің мүсінін дайындаған. Қардан жылжымалы қарулардың бейнесін жасау идеясы интернеттегі «World of tanks» ойынына қатысу мақсатынан туындады.
Ойын шарты бойынша XX ғасырдағы танктердің бейнесін түпнұсқасына барынша ұқсату қажет. Осы үдеден шыққандар жүлделі орындарға ілігеді. Бұл ойынға ТМД елдері бойынша мыңдаған адамдар қатысады. Былтыр Руслан мен оның достарының туындысы 10 мың мүсіннің ішінде топ жарып, 2-ші орынды иеленген болатын.
Руслан Мухаматяров, Затобол кентінің тұрғыны:
Қардан экипаж мүшесінің де мүсінін жасаймыз. Ол люктен жартылай шығып тұруы керек. Енді 10 күннің ішінде жұмысты толық аяқтаймыз деп ойлаймын.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Читайте также
Все
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13
Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды
25.11.2026, 10:12
Қоқысты сұрыптау – таза болашаққа қадам
25.11.2026, 10:12
Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
25.11.2026, 10:11
Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды
25.11.2026, 10:10
Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр
25.11.2026, 10:09
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08