Павлодар полицейлері тек ақ түсті көліктермен жүреді
Павлодар полицейлері ақ түсті көліктермен ғана жүретін болды. Бұл қоғамдық тәртіп сақшыларының жұмысты адал атқаруының, қоғамның қылмыс атаулыдан тазаруының нышаны ретінде жасалып отыр.
Осы мақсатпен полицияның патрульдік бөлімдері салтанатты сап түзеді. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалау экипаждары түгелдей ақ түсті көліктермен алмастырылды.
Бұрын қала көшелерінде жүретін полицияның «УАЗ» автокөліктері шымқай қара түсті болатын. Әрине, көрер көзге қара түстің ерекше сұс, айбын беріп тұратыны даусыз. Бірақ, жұртшылық үрке қарап емес, үйіріліп тұруы керек полицияға. Осындай тәрбие қалыптасса ғана тәртіп болады.
Сұлтан Күсетов, облыстық Ішкі істер департаментінің басшысы:
Бәрімізге белгілі ақ түс-тазалықтың белгісі. Ақ түс әділдікті білдіреді. Бұл әр полиция қызметкерінің бойында болуға тиісті қасиет. Сонда ел сенімін ақтай аламыз. Сол мақсатпен көліктерді ақ түске алмастырып жатырмыз.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13