Павлодарда ақбөкен атқан браконьерлер ұсталды
Павлодарда ақбөкен мен елік атқан бірнеше браконьер ұсталды. Олар Май ауданы аумағында жануарларды жайратып салып, өлі денелерін көлдің жиегіне тастаған. Табиғатты қорғау полициясы мен орман күзетінің инспекторлары дереу ізге түсіп, «Toyota» маркалы көлігін тоқтатты.
Тексеру барысында ақбөкеннің екі бірдей мүйізі табылды. Ал, Железинка ауданының тұрғыны елікті атып, көлігіне тиеп алған. Күдіктілер кінәларын бірден мойындады.
Баян Мағзұмова, ОІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- «Қызыл кітапқа» енген жануарларды атқаны үшін бұл азаматтар жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық кодекске сай оларға 2 млн теңгеге дейін айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бостандықтан айырылады.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13
Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды
25.11.2026, 10:12
Қоқысты сұрыптау – таза болашаққа қадам
25.11.2026, 10:12
Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
25.11.2026, 10:11
Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды
25.11.2026, 10:10
Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр
25.11.2026, 10:09
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08