Тәжікстандағы туристердің өлімін «ДАИШ» тобы өз мойнына алды
Тәжікстандағы 4 шетелдік туристің өлімін «ДАИШ» тобы өз мойнына алды. Бұл туралы экстремистік ұйымдарға мониторинг жүргізетін веб-сайттардың бірінде жарияланған. Сол шабуылдан жексенбіде 4 шетелдік велосипедші қаза тауып, екеуі жараланды. Олармен бірге болған француз азаматы дін аман. Құрбан болған және зардап шеккен туристер - Құрама Штаттар, Швейцария және Голландия азаматтары. Көлікке мінген қылмыскерлер оларды қағып өтіп, кейін пышақ ала ұмтылып, оқ атқан. Қауіпсіздік күштері шабуылшылардың екеуінің көзін жойып, төртеуін қолға түсірді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05
Президент Мәскеуге жұмыс сапарымен барды
25.11.2026, 20:05