Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков жарыс жолын аяқтады
Бір сағат бұрын Қысқы Олимпиада астанасы Пхенчханда ерлер арасындағы фристайл бәсекесі өз мәресіне жетті. Бұл сайыста қос бірдей қазақстандық Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков сынға түсті. Әлемдік додаларда топ жарып жүрген спортшылардан жанкүйерлер медаль күткен еді. Алайда, бүгін жерлестеріміз барын салып өнер көрсеткенімен, сәттілік жолдас бола қоймады. Тәжірибелі Дмитрий 8-ші орынға тұрақтаса, жас спортшы Павел Колмаков 7-ші орынға ие болды. Бұл бәсекеде Сочи Олимпиадасының күміс жүлдегері канадалық Микаэль Кингсбери жеңімпаз атанды.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13