Токиода «Факсай» тайфунынан бір адам қаза тапты
Жапония астанасы Токиоға соққы берген «Факсай» тайфунынан бір адам қаза тауып, 20 шақтысы жараланды. Жылдамдығы сағатына 216 шақырымға жеткен дүлей дауыл қаланы қиратып, электр сымдарын үзіп әкеткен. Салдарынан 930 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды. Қолайсыз ауа райына байланысты 130-дан астам әуе рейсі доғарылып, теміржол қатынасы бірнеше сағатқа тоқтады. Бұл – 36 миллион тұрғыны бар ел астанасының жұмысына зор нұқсан келтірді. Сонымен қатар, нөсер жауыннан жергілікті өзеннің арнасынан тасу қаупі төніп, адамдарға далаға шықпау ескертілді.
«Факсай» – Жапонияға жыл басынан бері соққы берген 15-ші тайфун. Қазір ол сағатына 25 шақырымға дейін бәсеңдеп, Тынық мұхитқа қарай жылжып барады.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06