Сот «Фукусима» АЭС-нің 3 басшысын ақтады
Жапонияның Токио аймақтық соты «Фукусима-1» атом электр станциясында болған апатқа байланысты айыпталған үш бірдей басшыны ақтап шығарды. Токио Электрик Пауэр компаниясының төрағасы мен екі басшысына «қызметіне немқұрайлы қарап, адамдардың өміріне қауіп төндірді» деген кінә тағылған еді. Прокурордың айтуынша, олар цунамидің болатынын біліп, қауіптің алдын алуға шара қолданбаған. Дегенмен, сот алып толқыннан келетін қатерді болжау мүмкін емес деген үкім шығарды. Кейбір тұрғындар мұндай шешімге наразы. Олар жапондықтардың қасіретіне айналған оқиғаға компания басшылығының тікелей қатысы бар деп отыр. Айта кетейік, 2011 жылы жер сілкінісі мен цунамиден атом электр стансасы жарылып, 44 адам қаза тапқан еді.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06