Басты Жаңалықтар «Союз» кемесі ХҒС-ға жетті

«Союз» кемесі ХҒС-ға жетті

Ресейдің «Союз» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына жетті. Экипаж мүшелерінің ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінің алғашқы ғарышкері бар. 35 жастағы Хаззаа әл-Мансури бұрын әскери ұшақ пилоты болған. Орбиталық бекетке жеткен тарихтағы бірінші араб Жерге сегіз күннен кейін оралады. Онымен бірге станцияға ресейлік космонавт Олег Скрипочка мен НАСА-ның авиация инженері Джессика Мейр аттанды. Олар Жерді айналып жүретін бекетте бірнеше ғылыми тәжірибе өткізуді жоспарлап отыр. 

«Союз» Байқоңыр айлағынан қыркүйектің 25-інде ұшырылды. Онымен барған үш адамды қосқанда, халықаралық станциядағы ғарышкерлер саны төрт жылдан бері алғаш рет тоғызға жетті. Жоспар бойынша, әл-Мансури мен тағы екі астронавт қазақ даласына қазанның 3-де қонуы керек.


Бөлісу