Жітіқара қаласында мұз үстінде ойнап жүрген 2 бала суға құлап, қайтыс болды
Мұз ойылып, үш бала суға батты. Оқиға Қостанай облысының Жітіқара қаласында болған. 5, 6 және 8 жастағы үш бала шағын шаһардың қақ ортасындағы көлшіктегі жұқа қатқан мұздың үстіне шыққан. Көлшіктің диаметрі - 100 метр, тереңдігі 1,5 метр. Жан-жағында биіктігі 50 сантиметрлік қана қоршау болыпты. Яғни, қауіпсіздік тиісті деңгейде сақталмаған.
Жұқа мұз ойылып, балалардың суға бата бастағанын кездейсоқ адамдар көріп, көмек шақырыпты. Жедел жеткен полиция қызметкерлері үш баланы да жағаға алып шықты. Өкінішке қарай, олардың бәрінің бірдей өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14