Қырғызстанда келер жылдан «Ортақ түрік тарихы» пәні оқытылмақ
Қырғызстанда 7-сынып оқушылары келер жылдан «Ортақ түрік тарихы» пәнін оқи бастайды. Бүл туралы Бішкекте өтіп жатқан қазақ-қырғыз зиялыларының төртінші форумында белгілі болды. Дәл осы оқулықтардың негізінде қазақ оқушылары қосымша пән ретінде түрік тарихын оқып жатыр. Қазақстандық делегация айыр қалпақты ағайынға сол кітаптарды сыйға тартты. Осылайша түркі тілдес халықтардың тамыры тереңге бойлаған ынтымақтастығын келер ұрпақ та жалғастырады деген үміт бар. Бұдан бөлек қазақ-қырғыз зиялыларының форумында екі елдің мәдени, рухани байланысын одан әрі нығайту үшін қажет шаралар талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға сапары алдында ұйымдастырылған шарада тараптар ортақ жаңа жобалар жүзеге асыратын болып келісті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06