Ұлыбританияда жеңіл көлік бір топ адамды қағып, 1 адам қаза тапты
Ұлыбританияда жеңіл машина жаяу жүргіншілерді қағып, 12 жастағы бала мерт болды. Және де 53 жастағы әйел мен 4 жасөспірім жараланған. Олардың дені 13-16 жас аралығында.
Оқиға Эссекс графтығында орналасқан мектеп маңында болды. Зардап шеккен куәгердің айтуынша, жүргізуші жылдамдықты арттырып, «тротуарға» әдейі шыққан. Жүргіншілерді басып кеткен соң да ол еш кідірместен, оқиға орнынан ізін суытып үлгерді. Дегенмен, полиция көп ұзамай 51 жастағы Терри Гловер есімді күдіктіні қолға түсірді. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Қазір қасақана кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06