Тау-шаңғы курортында газ жарылысынан 6 адам қаза тапты
Польшаның Щирк қаласында газ балоны жарылысынан 6 адам қаза тапты. Олардың екеуі – бала. Апат тау-шаңғы курортына жақын үш қабатты тұрғын үйде болды. Жарылыстан ғимараттың қабырғалары құлап, адамдарды басып қалған. Жақын маңдағы тағы үш үй зардап шекті.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, аталған үйде 9 адам тұрып жатқан. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Оқиға орнына 200-дей маман жұмылдырылды. Мұндай жағдайда ауыр техника қолдануға болмайтындықтан, олар үйінділерді қолдарымен аршуға мәжбүр. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06