Филиппинде қауіпті вулканнан 16 мың адам үйлерін тастап кетті
Филиппин аралдарындағы «Таал» вулканының атқылауынан 16 мың адам үйлерін тастап кетті. Жер асты дүмпулері әлі тыйылмағандықтан, тағы жүздеген мың тұрғынды эвакуациялау жоспарланып отыр.
Жанартаудан ұшқан күл 100 шақырым асып, ел астанасы Манилаға дейін жеткен. Сондықтан, қаладағы басты әуежай жабылып, 500-ден астам рейс доғарылды. Отты лава ағынына байланысты, билік соңғы 4-ші деңгейлі қауіп жариялады. Кейбір аудандарда күл мен тозаңнан ештеңе көрінбей, көлік қозғалысы тоқтаған. Осы себептен де тұрғындардың бір бөлігі қауіпсіз жерге көше алмай отыр.
«Таал» – танымал туристік аралда орналасқан белсенді вулкан. Соңғы 5 ғасырда ол 30 мәрте оянған. 1911 жылы бұл жанартау атқылағанда 1500-дей адам мерт болды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06