Жапонияда ер министр алғаш рет декреттік демалысқа шығады
Жапонияның қоршаған орта министрі Коидзуми Синдзиро декреттік демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Ол осы айда дүниеге келетін тұңғышын бағу үшін осындай шешімге келіпті.
Министр сәби өмірге келгеннен кейін үш ай ішінде екі апталық демалысқа шығады. Ал оның демалысы қысқа жұмыс күндерінен ғана есептеледі, сондай-ақ қызметін қашықтықтан басқаратын болады. Мәселен, министр видеожиналыстар өткізіп, қызметкерлерімен электронды пошта арқылы байланысып отырады.
Коиздуми жұбайының жүкті екенін білген сәтте-ақ детреттік демалысқа шығуды жоспарлағанын айтты. Жалпы, Жапонияда бала күтіміне байланысты демалысты әкесі де, анасы да ала алады. Алайда бұл мүмкіндікті ер адамдардың аз бөлігі ғана қолданады екен.
rosbalt.ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06