Алматы облысында жер сілкінді
Соңғы бір тәулікте Алматы облысы мен Алматы қаласында үш рет жер сілкінді. Алғашқы тербеліс жексенбі күні кешкі сағат 19.00 шамасында Алматы қаласында сезілді. Ал таңғы 02.57-де жер сілкінісі Алматы қаласынан 442 шақырым қашықтықта Алакөл ауданының аумағында тіркелді. Бұл зілзаланың магнитудасы 3,8 баллға жетті. Сондай-ақ бүгін күндізгі сағат 11.31-де Алматы қаласының солтүстік-шығысына қарай 231-ші шақырымда тағы бір жер сілкінісі болып, оның магнитудасы 4,7-ні құрады.
Зілзала ошағы Алматы облысының Текелі қаласы мен Рудничный елдімекендерінің қақ ортасында таулы аймақта тіркеліп отыр. Жер тербелісін Талдықорған қаласы маңындағы елдімекендер де сезген.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14