Ресейдегі хостелдің бірінде ыстық су құбыры жарылып, 5 адам қаза тапты
Ресейдің Пермь қаласындағы шағын қонақүйде жылу құбыры жарылып, 5 адам қаза тапты. Олардың біреуі – бала. Ыстық судан тағы үшеуінің денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.
Оқиға бүгін түнгі сағат 3-терде болды. Хостел тұрғын үйдің жертөлесінде орналасқандықтан, оның апат кезінде далаға шығаратын есіктері болмаған. Ыстық бу мен жоғары температураға байланысты мамандар біраз уақыт бойы ішке кіре алмады. Тексерістен кейін, ғимараттан 10 заң бұзушылық фактісі анықталған. Бұған қоса, қонақүй қожайнының иелігіндегі моншаның да 13 бап бойынша қауіпсіздік ережелеріне сай емес екені белгілі болды. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06