Апатқа ұшыраған ұшақ АҚШ әуе күштеріне тиесілі
Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында апатқа ұшыраған ұшақ АҚШ әскери әуе күштеріне тиесілі екені анықталды. Бұны Ауғанстандағы Америкалық күштердің полковнигі Сонни Леггет растап отыр.
«Талибан» қозғалысы аталған әуе машинасын атып түсіргенін және оның бортындағы жоғарғы шенді офицерлермен қоса, барлық адамның мерт болғанын жариялаған. Алайда, полковник Леггет апаттың тәліптер шабуылынан болғанына күмән келтіріп, тергеу аяқталмай, мұндай мәлімдеме жасау ерте деді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, ұшақта онға жуық адам болған. Бұған дейін ол Ariana Afghan Airlines әуе компаниясына тиесілі деген ақпарат тараған еді. Дегенмен, кейінірек компания басшылығы бұл мәліметті жоққа шығарды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06