Каталония лидері мандатынан айырылды
Каталония парламентінің президиумы үкімет басшысы Ким Торраны депутаттық мандатынан айырды. Енді ол автономия басшысы болып қалғанымен, аймақтың заң шығару органындағы дауыс берулерге қатыса алмайды. Мұндай шешімге Каталония Жоғарғы сотының үкімі себепші. Оған сәйкес, Торра былтырғы сайлау науқаны кезінде женералитет ғимаратынан саяси символиканы алудан бас тартқаны үшін айыпты деп танылған.
Торраны қолдап, 200-ден астам адам шеруге шығып, оның соңы тәртіпсіздіктерге ұласты. Манифестанттар парламент ғимаратына өтпек болып, полиция қызметкерлеріне бөтелке лақтырған. Сонымен қатар, олар қоқыс жәшіктерін өртеп, көшелерді бөгеп, өз лидеріне мандатын қайтаруды талап етіп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06