Түркиядағы қар көшкіні құрбандарының саны 41-ге жетті
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Ван провинциясында екі рет қар көшкіні жүріп, одан қаза тапқандар саны 41-ге жетті. Тағы 84 адам жараланған. Сейсенбіде таулы аймақта болған апаттан 5 адам қаза тапқан еді. Содан кейін оқиға орнына құтқару қызметінің 300-дей маманы жеткізілді. Ал, сәрсенбіде олар жұмыс істеп жатқан аумақта екінші рет көшкін жүріп, адамдармен қатар, микроавтобус және бір машинаны басып қалған.
Биіктігі 4-5 метрге жететін қар астынан адамдарды іздестіру жұмыстары тынымсыз жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бұл операцияға күшті жел мен қолайсыз ауа райы кедергі келтіруде. Тағы қанша адамның қар құрсауында қалғаны әзірге белгісіз. Алғашқы көшкіннен кейінгі 2 адам да әлі табылмай отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06