Австралияның шығыс жағалауын тасқын жайлады
Австралияның шығыс жағалауында нөсер жауын толастар емес. Бірнеше ай бойы орман өртінен зардап шеккен өңір енді тасқынмен күресуге мәжбүр. Жаңбырдың арқасында, өрт ошақтарының жартысына жуығы сөндірілген. Дегенмен арнасынан тасыған өзендерден елді мекендерді су басып, үйлер мен жолдар шайылып жатыр. Бұл – тұрғындарға ғана емес, өрттен онсыз да азайып қалған жан-жануарларға да қолайсыз болып тұр.
Синоптиктердің хабарлауынша, енді жағалауға екінші категориялы циклон жақындап келеді. Одан алдағы уақытта алапат жел тұрып, жауын-шашын күшеюі мүмкін. Сондықтан тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қабылдап, эвакуацияға дайын болу ескертіліп отыр.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06