Бразилия ғалымдары коронавирустың гендік құрылымын анықтады
Елде қауіпті вирус алғаш рет тіркелген соң, мамандар зерттеу жүргізіп, оның ДНК-сын тапқан. Ол – алдағы уақытта инфекцияға қарсы вакцинаны жасауға көмектеспек. Ал вирус ошағына айналған Қытай болса, бірнеше клиникалық зерттеу орталықтарын ашуды жоспарлап отыр. Соңғы ақпарат бойынша бұл елде 31 науқас көз жұмып, эпидемияның ентігі басылған. Дегенмен, әлемдегі жағдай мәз емес. Қазір жұқпалы дерт 60-тан астам елде анықталып отыр. Латвия, Сенегал, Марокко, Исландияда алғашқы жағдайлар тіркелсе, АҚШ-та қаза тапқандар саны 6 адамға, Иранда 66-ға жетті. Дүниежүзі бойынша жұқпалы дерттен 3116 адам көз жұмып, оған шалдыққандар саны 90 мыңнан асып кетті.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06