Шымкент қаласында сақтық шаралары күшейтілді
Эпидемиологиялық ахуалға байланысты Шымкент қаласында бүгіннен бастап барлық автобекеттер жұмысын тоқтатты. Ал теміржол бекеті мен әуежайдағы ахуал қатаң бақылауға алынды. Сондай-ақ бүгін шаһардағы балабақшалар да түгелдей жабылды. Сақтық шаралары күшейтіліп, қалаға кіріп-шығатын жолдардың бойына 12 блок бекет қойылды.
Қаладағы базарларда, сауда орталықтарында, автобустар мен қоғамдық орындарда дезинфекциялық жұмыстар күніне 2 рет жүргізілуде. «Ордабасы» индустриалды аймағындағы кәсіпорын күніне 400 тонна антисептик өнімдерін шығаруда.
Қоғамдық көліктер саны 25 пайызға дейін қысқарды. Ал халықарылық және қаларалық бағыттағы жолаушылар автобусының қозғалысына мүлдем тыйым салынды.
Ғани ҚАЛМАХАН
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14