Қостанайда бизнес нысандары карантин талаптарын сақтамай отыр
Қостанайда бизнес нысандары карантин талаптарын сақтамайды. Тұрғындардан көп шағым түскен соң, қаладағы монторинг тобы бүгін арнайы рейд жүргізіп, бірқатар дүкендер мен дәмханаларды тексерді. Мысалы, сатушылардың дені қолғапсыз жүр. Тұтынушылар арасында да ережені елемей, дүкенге бетпердесіз кіргендер бар. Оларға қатаң ескерту берілді. Ал қаланың қақ ортасындағы дәмханалардың бірі келушілерге ғимарат ішінде ас-ауқат беріп жатыр. Талап бойынша олар тағамды тек тапсырыс бойынша дайындап, жеткізуі тиіс. Карантин тәртібін өрескел бұзған дәмхана иесі енді 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі мүмкін.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14