Тұқымбақта өсірілген мыңнан астам дуадақ еркіндікке жіберілді
«Қызыл кітапқа» енген ен даланың еркін құсы дуадақтың мың тұқымы Түркістан облысының аумағындағы Қызылқұм даласына еркіндікке жіберілді.
Араб Әмірлігіндегі арнайы тұқымбақта өсірілген құстар бүгін өңірге арнайы ұшақпен жеткізілді. Сайын даланың төсіне қанат қаққан құстардың барлығының аяғында сақина бар. Онда дуадақтардың қай тұқымбақта өсірілгені, табиғатқа қашан жіберілгені секілді деректер жинақталған. Бұл олардың тіршілік ету ортасы туралы мәлімет жинақтауға және соның негізінде ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Табиғат аясына жіберілген дуадақтың «джек» деп аталатын түрі. Олар негізінен Орта Азияның шөлейтті аймақтарын мекендейді. Сондай-ақ еліміздің Оңтүстігінің табиғатына да тез бой үйретеді.
Ғани ҚАЛМАХАН
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14