Басты Жаңалықтар Алматыда блокбекеттердің орнына экостанция қойылады

Алматыда блокбекеттердің орнына экостанция қойылады

Бұл туралы Жасыл экономика басқармасының жаңа басшысы Наталья Ливинская онлайн-брифингте айтты. Экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жоспарларымен бөліскен ол қала көшелерінде орналасқан ЛЭД-экрандар арқылы ауаның ластануы туралы ақпараттар көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ, карантин кезінде жұмыс істеген блокбекеттердің орнында экологияны бақылайтын бекет орнату туралы айтты.

Шаһарда індеттің күшеюіне байланысты зертханалар мен клиникалардың қуаты артып, ауруханадан қосымша орын бөлінеді. Қаладағы жедел медициналық көмек ауруханасынан қосымша 300 төсек қарастырылуда. Бірнеше зертхананың жұмысы да қайта жанданады. Ал, 26 маусымнан бастап тәулігіне 1 мыңға жуық тестілеу жүргізетін жетінші зертхана келушілерді қабылдайды. Қазір шаһарда коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға 9 инфекциялық стационар қызмет көрсетуде. Ол жерде 1400-ден аса науқас ем қабылдап жатса, олардың ішіндегі 14 науқастың жағдайы өте ауыр. 131 емделушінің жағдайы ауыр, қалған 900-ден аса пациенттің жағдайы орташа.

Қуан НҰРАҚЫН


Бөлісу