Жол-көлік апатынан бес адам қаза тапты
Оңтүстік Қазақстан облысында ірі жол-көлік апаты болды. Төле би ауданындағы «Леңгір-Екпінді» тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, бес адам қайтыс болды.
Қайғылы оқиға түнде сағат 00.00 шамасында болған. Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Volkswagen Vento» көлігінің 23 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бетте келе жатқан жеңіл көлікке соғылған.
Қатты соққыдан «Audi» көлігінің ішіндегі ерлі-зайыптылар мен 15 жастағы бала, сондай-ақ 1968 жылы туған жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Ал, жол апатына себепкер жүргізуші ауруханада қайтыс болды. Қазір жол-көлік апатының себеп салдары жан-жақты анықталуда.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Бұл ірі жол-көлік оқиғасына қатысты қазір жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Жол қозғалысы тәртібін өрескел бұзу және транспортты басқару бабы бойынша. Түрлі сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүруде.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15