Басты Жаңалықтар «Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді

«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді. Бұл – ел аумағында еркін тіршілік етуге жіберілген екінші жыртқыш. Алғашқысы, Үміт атты аналық жолбарыс еді. Мамандар екі жануар да спутниктік қарғыбау арқылы бақыланатынын мәлімдеді. Табиғатқа жібермес бұрын жыртқыштарды ветеринариялық тексеруден өткізіп, мінез-құлқын байқастаған. Денсаулығын, аңшылық дағдыларын және қорек табу қабілетін де тексерген. Сондай-ақ, елге тағы екі кішкентай жолбарыс жеткізілді. Олар әзірге мамандардың жіті бақылауында. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін жолбарыстарды табиғи мекеніне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу