Басты Жаңалықтар Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді

Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді

Енді әлемге танымал маркетплейстердегі тауарларды Казпошта арқылы арзан бағамен алдырта аласыз. Бұл туралы компанияның QazPost Demo Day шарасында айтылды. Басқарма төрағасының сөзінше жүйелі жұмыстың нәтижесінде жөнелтілімдерді уақытылы жеткізу көрсеткіші 70 пайыздан 95%-ға дейін артқан.

2025 жылы Казпошта қызметі арқылы 46 млн газет-журнал ауылдық жерлерге жеткізілді. Бүгінде акционерлік қоғам ірі қытайлық платформалармен табысты ынтымақтастық орнатқан. Енді әлемге танымал маркетплейстердегі тауарлар тікелей Қазпошта арқылы ешқандай қосымша делдалсыз жеткізіледі.

Бекежан Жәкеев, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:

Шетелдік маркетплейстердегі тауарларды жеткізу қызметінің құнын анағұрлым арзан қылдық. Шыны керек Қазпошта еліміздің пошта-логистикалық инфрақұрылымын дамытуда маңызды рөл атқаратын ұлттық компания. 2500 бөлімшеміздің 2 мыңы ауылдық жерде орналасқан. Біз халыққа ыңғайлы жағдай жасауымыз қажет. Басты мақсат осы.

Қазпошта қосымшасы арқылы енді 190 саудагер тауарларын сата алады. Бастама Атамекен кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Демек Қазпошта шағын және орта бизнесті қолдауға да өз үлесіп қоспақ дейді компания өкілі

Бағлан Оразбай, «Қазпошта» АҚ пошта бизнесі жөніндегі операциялық директоры:

 Яғни қалада отырып, ауылдағы құрт-майларымызды Казпошта мобильді қосымша арқылы сата алады. Және оның бағасы өспейтініне казпошта ықпалын еткізеді деп ойлаймыз.

Қазір компания дәстүрлі пошта қызметінің аясынан шығып, әртүрлі қызметтерді біріктіретін заманауи платформаға айналды. Шарада компанияның барлық бағыттары таныстырылды. Оның ішінде қаржылық қызметтер, Digital, халықаралық ынтымақтастық, пошта қызметтері және логистика бар.

Бөлісу