Банктердің біріне жарылғыш зат қойылды деп хабарлама таратқан азаматша ұсталды
Бұл ақпарат дүйім жұртты дүрліктірді. Оқиға орнына жедел жеткен Ішкі істер бөлімінің мамандары банк қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа көшірді.
«Арлан» жасағы банкті қоршауға алып, арнайы құралдардың көмегімен жарылғыш затты іздеуге кіріскен. Тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылмай, бұл ақпараттың жалғандығы анықталды.
Оны таратқан сол ауданның 1970 жылы туған тұрғыны болып шықты. Көпбалалы азаматша мұндай әрекетке ашынғаннан барған.
Сол күні ол аталған банктен ақша алмақ болған. Алайда қызметкерлер электр жарығының болмауына байланысты қызмет көрсетуден бас тартқан.
Күн ұзақ кезекте тұрған ана есесін жібергісі келмей, банк қызметкерлерін осылай жазаламақшы болғанға ұқсайды.
Салтанат Қаракөзова, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Күдіктіден айғақтық зат ретінде ұялы телефон алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 242-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15