Басты Жаңалықтар Түркістанда пара беріп кезексіз баспана алғандар пәтерлерін босататын болды

Түркістанда пара беріп кезексіз баспана алғандар пәтерлерін босататын болды

Түркістан қаласында сыбайластықпен тұрғын үйді кезексіз алған үш отбасы пәтерінен шығарылатын болды. Бұл азаматтар осыдан үш жыл бұрын «Отырар» мөлтек ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерден баспана алу үшін тұрғын үй инспекциясы маманына пара берген. Сөйтіп тұрғын үй алу кезегін ілгерілетіп алған. Іс-әрекеті әшкере болған тұрғын үй инспекциясы маманына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Заңға сәйкес енді оның дүние-мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмін. Сондай-ақ пара беріп, айлалы іспен баспаналы болған үш азамат да жауапқа тартылуда. Оларға пәтерді босату үшін 10 күн мұрсат берілді. «Егер оған көнбесе баспаналарынан күштеп шығарылатын болады» дейді қала әкімдігіндегі жауапты мамандар.

Ғани Қалмаханов

Бөлісу