Шардара су қоймасында сейсмикалық нығайту жұмыстары жүріп жатыр
Шардара су қоймасында апатты жағдайдың алдын-алу үшін арна сейсмикалық жағынан нығайтылып, бөгеттің сыртқы беткейіне айналдыра құм үйіліп, биіктетіліп жатыр.
Сондай-ақ қоймадан шығатын фильтрациялық суларды тартып алу үшін 600-дей ұңғыма қазылды. Бұған дейін олардың саны небәрі 183 болатын. Ұңғымадан шығатын су мөлшерін бақылап отыру үшін электронды есептеу құралдары орнатылып жатыр. Соның нәтижесінде гидротехниктер бұрынғыдай су деңгейін қолымен өлшемейді. Құрылыс былтыр басталған еді. Оған қазынадан 7 миллиард 700 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазір жоспарланған жұмыстың үштен бірі атқарылды. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде стратегиялық нысанға дәл мұндай нығайту жұмыстары алғаш рет жасалып отыр.
Абай Мүталиев, Шардара өндірістік су қоймасының басшысы:
Құммен қайта көтереміз. Оған 1 миллион куб құм кетеді нығайту үшін. Одан кейін су беткейінің тозған жерлері темірбетонмен қайта қапталады.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03