Шымкентте жалған шот-фактура жасаған қылмыстық топ ұсталды
Шымкент қаласында 600 миллион теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жасаған қылмыстық топ ұсталды. Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында ұйымдасқан топ мүшелерінің ешқандай қызмет түрі көрсетілместен, тауарларды тиеп-жөнелтпей-ақ шот-фактура жазумен айналысқаны анықталды.
Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 4 адамды 615 миллион теңгенің құжатын жазып жатқан жерінде қолға түсірді. Олар осы қызметі үшін аталған соманың 6,5 процентін, яғни 40 миллион теңге сыйақы алатын болып келіскен. Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14