Ақтөбеде жетім баланы ұрған тәрбиеші жазадан құтылып кетті
Ақтөбеде жетім баланы ұрып-соққан сауықтыру лагерінің тәрбиешісі жазадан құтылып кетті. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, екі жақ өзара келісімге келген.
Естеріңізге салсақ, биыл наурыз айында тәрбиешінің баланы сүлгімен ұрып жатқан видеосы желіде тарап, жұртшылықтың ашуын тудырған еді. Бұл бейнені сондағы балалардың бірі телефон камерасына түсіріп алған. Нәтижесінде, 20 жылдық тәжірибесі бар педагогке қатысты «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал, тәрбиеші мен оқиғаны көре тұра еш шара қолданбаған оның әріптесі жұмыстан шығарылған.
Ерболат Сарқұлов, Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
-Ақтөбе облыстық Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазіргі таңда ол қылмыстық іс қысқартылды. Себебі, екі жақ -жәбірленуші мен арызданушы бір-бірімен келіскендіктен, қылмыстық іс тоқтатылды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03