Ауыл тұрғындары үшін 100 жылжымалы медициналық емхана дайындалып жатыр
Коронавирустың екінші толқыны бола қалған жағдайда шалғай ауылдағы тұрғындарға көмек көрсету мақсатында тиісті шаралар атқарылып жатыр. Бұл турасында Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиниятқызы айтты.
«Ауылды жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункт ашылуы қажет. Президент тапсырмасы бойынша 100 жылжымалы медициналық емхана сатылып алынуда. Ол жерде тек терапевт дәрігерлер ғана емес, өзге де маман иелерін қамту көзделген. Коронавирусқа қарсы тексеріс жасайтын мүмкіндік толық жасалады», - дейді Ажар Гиниятқызы.
Ажар Гиниятқызы еске салғандай, ауырған адамдарға 5 препарат тегін беріледі. Дәрі-дәрмекті учаскелік дәрігер тағайындай алады. «Сондықтан коронавирустың екінші толқыны бола қалған жағдайда ешқандай дәріні сатып алудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, ЖРВИ және пневмониямен ауырғандарға тегін 5 дәрі беру жағы да қарастырылған. Олар қызуды түсіретін, қабынуға қарсы препараттар және антибиотиктер», - деді вице-министр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа оқу жылы: 450 мың балаға қолдау көрсетіледі
31.07.2026, 13:07
Арнайы әлеуметтік орталықта жасөспірім көз жұмды
31.07.2026, 13:05
Құрылтай құқық үстемдігін қамтамасыз етеді
31.07.2026, 13:05
12 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
31.07.2026, 13:04
Ортақ мүдде жолындағы тарихи басқосу
31.07.2026, 13:04
Чилидің кейбір аудандары тасқын мен қалың қардан зардап шекті
31.07.2026, 13:03
ІІМ дипфейк пен жалған брокерлерден сақ болуға шақырады
31.07.2026, 13:03
Президент Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысады
31.07.2026, 13:02