Шығыс Қазақстанда бір айда 29 оқушыдан коронавирус анықталды
Шығыс Қазақстанда қыркүйек айында 29 оқушыдан коронавирус инфекциясы табылды. Оларың 13-і кезекші сыныптарда оқыса, қалғаны қашықтан білім алған. Бүгінде осы оқушылардың 6-ы қауіпті вирустан жазылып, оқуын қайта жалғастыруда. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаменті мәлім етті. Коронавирус шыққан сыныптарды қашықтан оқыту туралы қаулы шықты. Жалпы, қазір Шығыс өңіріндегі мектептердің 58 проценті штаттық режимді жұмыс істеп тұр. Мектепке келген балалардың күнделікті дене қызу тексеріледі.
Бағлан Тауанова, Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
-Осы 29 оқушының ішінде 12 оқушы таңертеңгі тексеріс кезінде анықталған болатын. Қазір оқушылардың жағдайы орташа деңгейде, барлығы үй жағдайында ем алуда. Әрбір оқушыға байланысты жеке-жеке эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласында 11 жастағы мектеп оқушысы да коронавирус жұқтырды. Жасөспірім шаһардағы №54 мектепте оқиды. Ол оқу жылы басталғалы қашықтан білім алып келген.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте 12 жасар бала 7 жылда 650 кітап оқыған
24.12.2025, 17:18
Абай облысында 50 жылға жуық жолда еңбек еткен маман марапатталды
24.12.2025, 17:18
Қазақстанда теледидар көрермені 21 пайызға артты
24.12.2025, 17:16
Түркістанда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді
24.12.2025, 17:14
Абай облысында ең таза ауылдарға трактор тарту етілді
24.12.2025, 17:13
«Таза Қазақстан» акциясына 7 млн адам қатысты
24.12.2025, 17:11
Қызылорда облысында газ тарату станциясы іске қосылды
24.12.2025, 17:09
Ақтөбе облысында 29 медициналық нысан іске қосылды
24.12.2025, 17:08