Нұр-Сұлтанда жылу тарифі 30 пайызға өсуі мүмкін
Елордада жылу тарифі 30 пайызға қымбаттауы мүмкін. «Астанаэнергосбыт» жария тыңдау ұйымдастырып, осындай ұсыныс жасады. Айтуларынша, қазіргі тарифпен жиналған ақша шығындарын толық өтемейді. Нәтижесінде өзге кәсіпорындар алдындағы қарызы өсіп жатыр. Есеп бойынша тариф 30 пайызға көтерілсе, қаржылық мәселелер реттеледі. Жылудың қазіргі құны 2016-2020 жылдарға арналған шекті баға мөлшерінде тұр. Жоспар бойынша 2022 жылы тариф тағы 5 пайызға қымбаттайды. Нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Ұсыныс 1 ай көлемінде талқыланады.
Жанна Гислер, «Астанаэнергосбыт» ЖШС бас директорының орынбасары:2016 жылдан бері елде тауар, қызмет бағасы, жалақы да өсті. Ал біз тарифті ұстап тұрдық. Сол уақыттан бастап есептегенде біздің шығынымыз 1 миллиард теңгеден асып кетеді. Қызметкерлеріміздің орташа жалақысы 77 мың теңге. Мұндай ақшаға ешкім жұмыс істегісі келмейді. Егер тариф өссе, орташа жалақыны да 133 мың теңгеге дейін өсіруді жоспарлап отырмыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03