Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға арналған заң әзірленеді
Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға арналған арнайы заң жобасы әзірленеді. Бұл туралы бизнес өкілдерімен кездескен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Саланы дамытуға Мемлекет басшысы да ерекше назар аударып, нақты тапсырмалар берген. Жалпы, әлеуметтік кәсіпкерлік көптеген елде кеңінен таралып, экономиканың маңызды бөлігіне айналған. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия сияқты елдерде жалпы ішкі өнімнің 3-тен 5 пайызға дейінгі көлемін осы сала қамтамасыз етеді. Әлеуметтік кәсіпкерлік саласын заң жүзінде қолдау үшін қос палата өкілдері жаңа құжат әзірлеуге кірісті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Мемлекет басшысы осы мәселеге баса мән беріп отыр. Президентіміз нақты тапсырмалар да берді. Сондықтан алдағы уақытта мемлекеттік органдар тарапынан әлеуметтік кәсіпкерлікке жүйелі қолдау көрсетілу керек. Бұл ретте ерекше қажеттілігі бар адамдар мен әлеуметтік осал топтардың кәсіпкерлікпен айналысуына және жұмысқа орналасуына мүмкіндікті арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14