Ескі көлікті тапсырғандарға 2 күн ішінде өтемақы беріледі
Енді ескі көлікті тапсырсаңыз, 2 күн ішінде өтемақы ала аласыз. Елде тозығы жеткен көлікті қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасына өзгеріс енгізілді. Бұдан былай жүк және жолаушылар көлігін тапсыратындарға да ақшалай өтемақы берілмек. Қаражат көліктің санатына қарай бағаланады. Айталық М2, N1, N2 санатындағы көлік үшін 400 мың теңгеден аса ақша беріледі.
Ауыр салмақтағы жүк көліктері 600 мың теңгеге дейін бағаланады. Жалпы елде қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасы басталғалы елде 150 мыңға жуық көлік тапсырылған. Қабылданған барлық машина Қарағандыдағы ескі көліктерді қайта өңдейтін зауытқа жіберіледі.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15